Шадыман шаттығын жетелеп Көктем де келді!
21.03.2018 Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс-жақындағы ағайынмен қауышуға жазды. Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат.
Соған орай 3 «Ж» сыныбында Наурыз мерекесі атап өтілді. Халқымыздың ертеден тойланып келе жатқан бұл мейрамды балалар зор қуанышпен тойлады. «Тұсау кесу», «Асық ату», «Бес тас», «Күрес», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындарымыз ойнатылып, салт-дәстүрлеріміз көрсетілді. Ұлдарымыз «Қара жорға» билесе, қыздарымыз мың бұрала «Қазақ биін» биледі.






Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
