«Қыздар! Көктем гүлі» атты қыз сыны сайысы өтті
07.03.2018 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3 «Ж» сыныбында «Қыздар! Көктем гүлі» атты қыз сыны сайысы өтті.
Мақсаты: қыз балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
Сайысқа сыныптың 6 қызы қатысты. Қыздар 4 бөлім бойынша сайысқа түсті. 1-бөлім «Таныстыру» бойынша қыздар өздерін, ата-аналарын, сайысқа қатысу мақсатын көркем сөзбен әдемі жеткізе білді. 2-бөлім өз өнері бойынша бірі ән айтып, бірі билесе, бірі гимнастикалық жаттығулар көрсетті. 3-бөлім «Сән үлгісінде» қыздарымыз пакеттен, газеттен және тағы басқа әртүрлі заттардан киім үлгілерін көрсетіп таңқалдырды. Соңғы «Үй тапсырмасы» бөлімінде қыздарға үйден бұйым, қолөнер жасап келу тапсырылған болатын.
Сайыс нәтижесінде Айдарова Балнұр бас жүлде иеленсе, Мадиярқызы Аяла I орын, Қайсахан Дильназ , Есдаулетова Сабина I I орын, Алпысбай Толғанай, Сайлау Назерке I I I орын иеленді. Жүлделі орынға ие болған аруларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
