"Әдепті қыздардың үлгісімін" тақырыбындағы қыз сыны байқауы

06.03.2018

          Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде көптеген іс-шаралар өтті. «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Есенбаева Роза Түзелбайқызының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптың қыздары арасында «Әдепті қыздардың үлгісімін» атты қыз сыны байқауы өткізілді. Кештің мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік пен көріктілік және инабаттылық қасиеттерінің маңызын ашып, көпшілікке дәріптеу, таныту. Байқауда қыздар өздерін таныстырып, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен арулар «Өнерлі қыз», «Ақылды қыз», «Парасатты қыз», «Шебер қыз», «Сүйкімді қыз», «Білімді қыз» номинацияларымен марапатталды. Мектепішілік қыз сыны байқауының қорытындысы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Габдуллина Жұлдыз жеңімпаз атанды.    

  

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено