«Кестелі қыз»
07.03.2018Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз қарсаңында мектебімізде «Кестелі қыз» байқауы өткізілді. Байқау 7 кезеңнен тұрды.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
- Таныстыру.«Мен қазақтың қызымын» (қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстыру).
- «Қыз еркем-кестесімен көркем» (әр қыз бала өзінің жасап келген бұйымын таныстыру, қорғау).
- «Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді» (қыз бала тәрбиесіне байланысты ырым мен тыйым сөздердің мағынасын ашу).
- «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету).
- «Сұлулық сыры» (музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету).
- «Зерделінің ойы озық» (берілген сұрақтарға жауап беру).
- «Ас – адамның арқауы» (өзі дайындаған тағамның дайындау жолын түсіндіру).
Байқау 5-сыныптар арасында, 3 тілде өткізіліп, ару қыздарымыз өздерінің бар өнерлерін ортаға салды. Байқауымыздың жеңімпазы 5 «Ғ» сынып оқушысы Сапаралина Еңлік атанып, барлық қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды. Кеш қонағы болып келген Астана қаласы «Қазақ қызы» институтының директорының орынбасары Әбенова Сабина Әбенқызына және ұйымдастырушы 5 «Ж» сынып жетекшісі Толеубаева Мақпал Болатқызы мен оқушыларына алғыс білдіреміз.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
