«Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбындағы дөңгелек үстел
02.02.2018 Таяуда мектебімізде «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы, мектепте жүргізілген іс-шараларға тоқталды. Іс-шараға Астана қаласының Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі және №76 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығының аға әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы латын графикасы туралы өз ойымен бөлісті. ЕАГИ қазақ және орыс филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бекенова Гулнар Шияпқызы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жайлы көзқарасын білдіріп, өз ұсыныстарын айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болатбек Бақытжан оқушыларға латын әліпбиін оқып-үйрену туралы дәріс сабағын өткізді. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Тілеубекова Толқын Тілеубекқызы мен бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі Амангелдиева Салтанат Оспанқызы ұйымдастырған қызықты сұрақтарға оқушылар белсене жауап беріп, латын графикасына байланысты тапсырмаларды орындады. №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искаков Мейрамбек Ризханұлы латын әліпбиінің дыбысталуы мен жазылуына тоқталды. №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дюсенова Сауле латын әліпбиін ендіру жұмыстары жайында мағлұмат берді. Астана қалалық «Жас Отан» жастар қанатының қызметкері Әбдібекова Назкен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мектеп оқушылары үшін оңай болатындығын жеткізді. Дөңгелек үстелде латын әліпбиі бойынша мектепішілік және қалалық эсселер байқауы, латын әліпбиі негізінде диктант, мәтін құрастыру, көркем сөз оқу туралы іс-шаралар жоспары қарастырылды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено