Сталинград шайқастың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған семинар

02.02.2018

Сталинград шайқастың 75 жылдығына орай Астана қаласындағы Ресей мәдени орталығы семинар ұйымдастырды. Сталинград шайқасы - екінші дүниежүзілік соғыстың басты шайқастарының бірі. Осы   шайқастан кейін   Қызыл  Армия   бүкіл  майдан бойынша шабуылды бастады. Бұл шайқастың тарихын білу қазіргі ұрпақ үшін парыз.

Шайқастың 75 жылдығына орай Астана қаласындағы Ресей мәдени орталығы  ұйымдастырған семинарға 9 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Исаева Алима Боранбаевна, тарих пәні мұғалімі Акетова Алия Балтабаевна қатысты. Семинар барысында біздің отандастарымыздың ерлігі туралы  тың ақпараттардың беті ашылды. Оқушылар зор ықыласпен тыңдап,  дәріс берушінің қызметіне дән риза болды. Осындай кездесулер  оқушылардың   патриоттық сезімдерін көтеріп, рух берері сөзсіз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено