«Үздік гид-экскурсовод – 2018» байқауы
02.02.2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған «Туған жер - Туған ел» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың 2- ақпан күні мектебімізде 8-11сынып оқушылары арасында «Үздік гид-экскурсовод – 2018» байқауы өтті. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, экскурсиялық қызметке белсенді қатысу арқылы оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін және шығармашылық қабілетін дамыту, экскурсия жүргізудің түрлі әдістерін кеңінен пайдалану, жас оқушы-экскурсоводтарды қолдау және анықтау, коммуникативті мәдениетті дағдыларын дамыту мақсатында өткен байқау барысында оқушылардың экскурсия жүргізуге деген талабы жоғары екенін байқадық. Оқушылар Астана қаласының көрікті жерлерімен, кереметтерімен таныстырды. Бағалау нәтижесінде әңгімелеп беру әдісі, сөйлеу мәнері, топпен әңгімелесуі, ақпараттық технологияларды қолдануы, бағытты жақсы білуі және оны ұтымды құруымен 9 «А» сынып оқушысы Искакова Жұлдыздың жұмысы жоғары бағаланды.






Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено