Білім беру мен оқытуға модульді-кредиттік технология арқылы қадам жасау
10.01.2018
2017-2018 оқу жылы бойынша 2018 жылдың қаңтар айының 8-ші жұлдызында колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап «Білім беру мен оқытуға модульді-кредиттік технология арқылы қадам жасау» тақырыбында педагогикалық оқылым өткізілді.
Педагогикалық оқылымда модульдік-кредиттік технологияның ерекшеліктері және оны енгізудің мақсаты, модульдік-кредиттік технология негізінде оқу жұмысының бағдарламасын құрастыру жолдары, студенттің жеке оқу жоспарын құрудағы негізгі ерекшеліктері, студенттердің білімін бағалау және қадағалау жүйесін ұйымдастыру және пән бойынша құрастырылатын силлабустың құрылымы жөнінде сұрақтар қарастырылып, инженерлік-педагогикалық ұжымда талқыланды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено