«Тәуелсіздік және алаш идеясы» конференциясы
13.12.2017
Астана қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік және алаш идеясы» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға алаштанушы ғалымдар қатысты. Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов - ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі және Қайырбек Кемеңгер - филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. Мектеп оқушылары мен ғалымдар бас қосқан конференцияда еліміздің тәуелсіздікке жетуінің іргетасын қалаған Алаш зиялылары - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлылар жайлы келелі мәселелер қозғалды. Мектеп директоры Садыкова Зауре Жақановна мектебімізге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының атын алу барысындағы атқарған игі істерге тоқталып өтті. Конференцияны ұйымдастыруда еңбек еткен директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтынға рахмет айтамыз. Жас ұрпақ тәрбиесінде конференцияның маңызы зор болды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено