«Елбасы-ел перзенті» атты мерекелік іс-шара
01.12.2017
Бүгін 2017 жылдың 30 қараша күні №61 орта мектебінде 5 «Ғ», 6 «Г», 9 «Ә» сыныптарының ұйымдастыруымен 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел перзенті» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында 5-сынып оқушыларының орындауында Елбасыға арналған әдеби монтаж оқылды. Әдеби монтажбен басталған шарамыз потриоттық әндермен жалғасын тауып, шығармашыл оқушыларымыздың өлең жырларымен толықты.
Елбасының өмір жолынан деректер келтіріліп, «Рухани жаңғыру» тақырыбына байланысты бейнежазба көрсетілді. Шарамыздың соңын Анар Жапарқұлованың сөзіне жазылған Ержан Серікбаевтің әні «Жаса Қазақстан» әні аяқтады.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено