ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейінде саяхат сабағы
01.12.2017
28 қараша күні №3 мектеп - гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімдері Құсманова Н.Л және Сейлбаева Р.К. мектепте өтіп жатқан қазақ тілі онкүндігі аясында және 1- желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне орай 4 «В» және 4 «Г» сыныптарымен ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейінде саяхат сабағын өткізді.
Саяхат сабақтың басты мақсаты:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. 




Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено