ХХІ ғасыр – білім ғасыры

23.11.2017

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Білімді ұрпақ кез-келген мемлекеттің болашағын жарқын ете алады. Біздің Н.Әбдіров атындағы №33 "Балабақша-бастауыш мектеп" кешенінің 1 "Ә" сынып оқушылары Республикалық "IQ" - Интеллектті дамыту орталығының қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларының түрлі номинация бойынша байқауларына қатысып, қоржындарын жүлделі орындарға толтырды. Көркем сурет номинациясы бойынша "Тәуелсіздік. Ата заң" тақырыбындағы шығармашылығымен Боранбай Бекасыл - І орын, мәнерлеп оқудан "Алтын күз" тақырыбымен Тойлыбекова Аружан - ІІ орын, көркем сурет бойынша "Алтын күз" тақырыбындағы салған суретімен Бейсенбай Нұрерке "Алғыс хат" иесі атанып, марапатталды. Жеңістерің құтты болсын, балақайлар!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено