Ең үздік

30.11.2017

2017 жылдың 23-ші қарашасында математика пәнінің оқытушысы Дуйкенова Лязат Сайлауовна колледж қабырғасында «Ең үздік» атты зияткерлік ойын өткізді.

Сайыс екі топ арасында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты  - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылығын ояту. Ойын бес бөлімнен тұрды: ойын алдындағы жаттығу, «Математиканың көрнекті ғалымдары», «Кім жылдам», «Әуенді тап», «Капитандар сайысы» және көрермендермен ойын түрінде өтті.

Студенттер конкурс барысында берілген логикалық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, өз білімдерін көрсете білді.  Нәтижесінде 1 ПОВт-117 тобынан құралған команда жинаған ұпай санымен қарсылас командадан басым болып, жеңіске жетті.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено