«Күз-береке, күз-мереке»

11.11.2017

 

Төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз. Күздің  сұлулығына көзің тоймайды. Күздің сый-сыяпатына барлық тіршілік  иелері разы. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Алтын күз мерекесіне орай «Күз-береке, күз-мереке» атты сайыс ұйымдастырылды.  Аталмыш шара екі бөлімнен тұрды. 

 Бірінші бөлім «Күз-береке» дақылдар көрмесі бойынша әрбір сынып жеміс-жидектерден, дәнді-дақылдардан, көкөністерден көрме дайындады. Ұжымдық қолдау дауысы арқылы жеңімпаз сынып анықталды.

Ал, екінші бөлім «Күз-мереке» өнер сайысында әр сыныптан күз ханшайымы мен ханзадасы тағайындалып, күз мезгіліне байланысты сән үлгісін көрсетті. Топтық мерекелік қойылым көрсетті. Арнайы бекітілген әділ-қазы алқалары төрелік етті.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено