Алтын ұя мектебіме 10 жыл!

20.11.2017

Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойын асыға күткен мектеп ұжымы мен оқушылар  2017 жылдың қараша айының 20-жұлдызында салтанатты жиындар таңертеңнен бастап өткізілуде. Мектепте ерекше көтеріңкі көңіл-күй байқалады.

Алғашқы мерекелік күн  оқушылардың салтанатты саптық жиынымен басталды. Аталған салтанатты жиынды мектеп-лицей директоры Алма Алтынханқызы Жұмабекова ашып, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына жылы лебізін білдірді.

Әр сыныпқа арналған құттықтау хаттар мен  арнайы дайындалған сый-сияпаттар тапсырылып, балаларға күтпеген қуаныш сыйлады.

Атаулы күн  оқушылар мен мұғалімдердің есінде мәңгілік қалатынына сенімдіміз.

 












Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено