Асық ату
07.11.2017
Асық ату
2017 жылдың 7 қарашасы күні Астана қаласы №18 орта мектебінде асық атудан «Астана сақасы» халықаралық жекелей турнирі 2004-2006 жылдары туылған жасөспірімдер балалар арасында «Бес асық», «Бес тас» ойындары өтті. Мектебіміздің 6- сыныптары арасынан Кунтуриев Нурбол, Әділ Нұрсұлтан, Досбол Көркем сынды қатысып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Б. Мусилимов жетекшілік етті. Осы турнир қорытындысында 6 «Б» сынып оқушысы Әділ Нұрсұлтан ІІІ орын иеленді. Иегерге Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының президенті Е.Рахметов табыс етті.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
