«Туған елге тағзым»
09.11.2017
Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастыру үшін әр білім ошағы күш салу, өлкетану, экологияны жақсарту, қаламыздағы, еліміздегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға саяхат жасау мақсатында № 48 мектеп-лицейінде «Туған елге тағзым» атты кешенді жоспар жасалды. Тағылымды іс-шара Астана қаласының мұражайларының тарихи ескерткіштеріне саяхаттан басталды. 5-6 сыныптан оқушылары «Алжир» этномемориалдық кешеніне саяхатқа барды. Патриотизмнің ең басты үлгісі туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
