1 қарашасында гимназияда «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқушылардың ынталарын дамытуда критериалды бағалаудың ықпалы» тақырыбында педагогикалық кеңесі
01.11.2017
Педкеңес гимназия директоры Т.К.Крылованың құттықтау сөздерімен басталды. Ол директордың ТІ жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Мыңбаева, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Т.Оспанованы Сарыарқа ауданы әкімінің грамоталарын табыстады.
Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары А.С. Евстафьева 1 тоқсанның үлгеріміне қорытынды жасады, 7-ші сынып оқушыларының білім сапасының төмендеу мәселелеріне тоқталды, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1,2,5,7-ші сынып оқушыларының жұмыс нәтижесіне қорытынды жасады. 11-ші сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындалу барысы туралы айтты.
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Мыңбаева ұжымның «Туған жер» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмысы, аталған Бағдарламаның негізгі ережелері туралы айтты.
«Новаторы» желілік қоғамдастығының жетекшісі Л.Ю.Кан жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқушылардың ынталарын дамыту мәселелері туралы айтты. Кейін, ұжым топтарға бөлініп, «Ата-аналар және оқушылармен кері байланысты жүргізу үшін қалыптастырушы бағалаудың үлгісін құрастыру» тапсырмасы бойынша жұмыс істеді. 20 минуттан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғап, кері байланыстың бірыңғай белгілерін таңдады.
Сарапшы Т.Б. Васильева жұмыс орытындысын жасап, ынталандырудың даму жолдарын еске түсіріп, технология үлгілеріне тоқталып өтті.
Педкеңес жоғары деңгейде өткізілді, мұғалімдерге жұмыс ұнады.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
