6 педсовет
03.11.2017
Н.Әбдіров атындағы №33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде 2017- 2018 оқу жылындағы кезекті «Білім беру мазмүнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - С.К.Керимбекова 1- тоқсанды қорытындылап, оқушыларлың оқу үлгерімдерін айтып өтті. Балабақша әдіскері – А.А.Кабланбекова «Балабақшаның күн тәртібін сақтау» тақырыбында баяндама оқыды. Практикалық бөлімде кешеннің тәлімгері - Ф.С.Меңдібаева «Үштілділік – болашақтың кілті – пәндерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» атты коучинг практикалық тұрғыда өткізді. Педагогтар бір-бірімен өзара пікір алмасып, сабақ жоспарлауда үштілділіктің маңыздылығын көрсете білді.



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено