Өмір керемет
01.11.2017
Астана қаласының Білім басқармасы 2017 жылдың 20 Қазан күні «Хан Шатыр » сауда-ойын-сауық орталығында « Өмір керемет !» атты қалалық акциясы өтті. Өмірге күлімде атты әлеуметтік-психологиялық марафонға: мектептермен (№ 3,10,15,18,19,22,27, 28,29,30,36, 49,52,59, 65,66, 72) қатар «Политехникалық колледж », «Тұран колледж» және өзіміздің «Кәсіптік және техникалық колледж» командалары қатысты.
Марафонды ұйымдастырушылар Астана қаласы Ішкі істер департаменті және Білім басқармасының психологиялық қызмет кабинеті.
Іс-шараның мақсаты суицидтін алдын алу, өз-өзіне қол жұмсауға бейім жастарды анықтау және ондай қадамға жол бермеу. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару, әртүрлі психологиялық жағдайға ұшыраған жасөспірімге құқықтық, психологиялық көмек көрсету, арнайы мамандармен бірігіп жұмыс жасауды нығайту, компьютерлік ойындарға құмар балалардың проблемаларын төмендету, ата-анасымен жұмыс жүргізу.
Колледжімізден үгіт бригада командалары : 10 студент , 5 жанкүйер және педагог – организатор Айкерім Нұржанқызы, психолог Гайнижамал Баймахановна қатысты. Үгіт бригада командасының бірыңғай киім үлгісі, эмблемасы, ұраны, плакат-лозунг, баннерлер және музыкалық би композициясы болды. Акцияның аяғы мадақтамалар мен студенттерге арналған сыйлықтар, брошуралар таратумен мен аяқталды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
