«Дұрыс тамақтана білейік»
20.10.2017
Бастауыш сыныптарының онкүндігінде 20 қазан күні «Дұрыс тамақтана білейік» тақырыбында 3 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатын өткізу белгіленген болатын.Бұл іс- шарада оқушылар әр адам қалай дұрыс тамақтануы қажеттігін, сымбатты болып өсу үшін таңертеңгі жаттығудың маңызының зор екендігін түсіне отырып, тәрбие сағатына бар қызығушылықтарымен қатысты. Олар «Дұрыс тамақтана білейік» тақырыбында ертегі қойылымын сахналады. Қойылымда әр оқушы өз рөлін керемет сомдады.
Осы тәрбие сағатына белсене қатысқан оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз.

Аубакирова З. Қ., Бөстекбай Ф.Қ.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
