13.10.2017 күні №54 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлауы болып өтті

13.10.2017

«Өзін-өзі басқару» ұйымының мектеп өміріндегі алар орны ерекше. Ұйымға мүше жастардың бойында көшбасшылық қабілет дамитыны сөзсіз. Себебі мектептің өзі шағын мемлекет іспетті. Осы ұйым арқылы біз болашақ ел тізгінін ұстай алатын, бәсеге қабілетті ұрпақты тәрбиелей аламыз. Осы жолдың алғашқы баспалдағы-мектеп президентін сайлау.

 13.10.2017 күні №54 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлауы болып өтті. Мектеп президенттігіне үміткерлер алдын-ала өздерінің бағдарламаларын дайындап, мектеп өміріне жаңа серпін енгізу үшін ұсыныстарымен оқушыларды таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мектеп-лицей директоры Г.К.Амрина да өз таңдауын жасап, алғашқы болып дауыс берді.

Сайлауға барлығы 1797 дауыс беруші қатысқан. Нәтижесі бойынша 10«Б» сынып оқушысы Жақан Әлихан 559 дауыс жинап, үлкен басымдықпен «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті ретінде таңдалды. Ұйымның президентімен бірге министрлер құрамы да анықталды. Олар:  Премьер-министр – Нұрабаева Әнел, орынбасарлары – Жаришева Айя және мәдениет министрі Жанакаева Ажар, Денсаулық және спорт министрі – Ермекбай Шұғыла, Білім және ғылым министрі – Курмашева Дильназ, Ішкі істер министрі – Жабен Айтуар, Ақпарат және коммуникация министрі – Ускембаева Анеля, Азаматтық қоғам және даму министрі – Ақтасова Жанбота болып тағайындалды.

Жаңадан сайланған құрамды алғашқы жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да асықтары алшысынан түссін деп тілейміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено