Дін және қауіпсіздік
13.10.2017
Оқушылардың дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптасыру, ислам діні туралы түсінігін тереңдету, деструктивті жалған діни ағымдардан сақтандыру, алдын алу мақсатында 11 қазан күні танымдық сабақ Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшы орынбасары, теолог Абишев Айбек Асқарбекұлының қатысуымен өтті. Теолог діни-саяси жағдайдың ұшықтанып кетуінің себебі діни ұйымдардың іс-әрекетіне бақылаудың әлсіздігі, радикалды діни идеяларды қорғаушылардың елімізге көптеп ағылуы және тұрғындардың мәдени және діни білімінің деңгейінің төмендігін айта келе, жалған діни ағымдардың арбауынан сақтану жолдарын айтты. Жалған діни ұйымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде кеңес берілді. Оқушыларға жаднама таратылды.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
