"Сонымен, солай дейік..." ток шоуы
04.10.2017
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне орай 2017 жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің "Көпбейінді колледжі" МКҚК "Тіл - тәуелсіз елдің тұтқасы" атты Тілдер апталығының аясында өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін насихаттау, тілге деген құрметке, сүйіспеншілікке баулу мақсатында "Таңданыңыз! Сабақ алыңыз!" ұранымен "Сонымен, солай дейік..." ток шоуының сарынымен құрастырылған қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушыларының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
Іс-шараға 1-2 курс студенттері қатысып, пікірталас барысында өз пікірлерін білдірді.
Тіл - бүкіл халықтың, ұлттық рухани қазынасын сақтайтын асыл қоймасы. Тіл - халық тарихы, тіл - өркениет пен мәдениет, демек әр тіл өз орнында Ұлы! Ұлт тілі - асыл қазына. Бүгінгі жастардың сол қазынаны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген ата ұрпақтың өкілі екендігіне көзіміз жеткендей болды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
