Бүгін мектеп-лицейімізде 8-10 сынып қыздарына арналған "Инабат" клубының кезекті жиналысы өтті.
10.10.2017
Бүгін мектеп-лицейімізде 8-10 сынып қыздарына арналған "Инабат" клубының кезекті жиналысы өтті. Клубтың жиынына мектеп медбикесі шақырылып жоспарға сәйкес "Қыздар гигиенасы" туралы кеңестер беріп, үлестірме парақтар таратылды. Жиын өте қызықты өтті, қыздар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
09.10.2017 күні «Шаңырақ» Жастар денсаулық орталығының психологтары Джаналиева Гульзат Карибекқызы мен Тәнібаева Жұлдызай Жорабекқызы келіп, «Адамгершілік және жыныстық тәрбие» тақырыбында 7-сыныптың қыз балаларына дәріс оқыды. Тұқым қуалайтын, туа біткен, жыныстық жолмен берілетін аурулар, зиянды заттардың адам ағзасына әсері туралы таныстырылым жұмыстары көрсетілді. Әсіресе қыз балаларға әртүрлі әбестік пен өмірлік өкініштерге апаратын жайттардан әркез сақтанып жүру ескертілді. Қыздар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, дәрігер мен психологтар тарапынан толық жауаптар алды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
