«Күз келді!»

05.10.2017

Мектебімізде 5 қазан күні «Күз келді!» атты  табиғат байлығынан жасалған дәстүрлі көрме өтті.Бұл көрмеге 1-4 снып оқушылары белсенді түрде қатысты.Ғажап әлемін сыйлаған күз де келді.Күзгі табиғат сұлулығы  көңілге жағымды әсер беріп,түрлі-түске боялған жапырақтарымен де сүйсіндіреді.Күз адамдарға көкөністер мен жемістерді молынан сыйлайды және орманда қарағай бүршіктерін,жаңғақтарды да табуға болады.Осындай байлықтан керемет күзгі қолөнер көрінісін жасауға болады емес пе?!Ата-аналар мен балалар,ұстаздар көрмеге белсенді түрде қатысты.Осындай тығыз байланыста,ынтымақтастықта жасалынған жұмыстардың нәтижесінде қолөнер бұйымдары өте әдемі  болып шықты.Мектеп залынан ең әдемі қолдан жасалынған бұйымдар орын алды.Осындай тамаша жұмыстарды мектеп оқушылары,ата-аналары,мектепке келушілер мен қонақтар да тамашалауда.Әлі де оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылықтары артып,қолөнер бұйымдарын жасап әкелуде.Бұл өте керемет!Біздің оқушыларымыз-ең ақылды,ең дарынды!Барлық оқушылар ізденушіліктері мен тапқырлығын көрсете алды.


















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено