«Алтын күз бізге келді!» көрмесі

05.10.2017

Күз келді.Көкөністер мен жемістер молынан жиналды.№17 мектеп-гимназиясында 5 қазан күні табиғат материалдарынан жасалған  дәстүрлі  көрме өткізілді.Көрмеге 5-6 сынып оқушылары белсене түрде қатысты.Ағаштар мен жапырақтарды түрлі түске бояп,ерекше рең беріп тұрған тамаша  күз мезгілі өз бейнесімен табиғатты әсемдеп тұр.Әрине,әр жыл мезгілі  өзіндік ерекшелігімен тамаша!Ал біздің мектебіміздің оқушылары күз мезгілінің сұлулығын көрсету үшін табиғат материалдарынан жасалған қолөнер көрмесін жасауды  ұйғарды.Көрменің негізгі мақсаты-нәтижелі түрде жасалынған жұмыс барысында ата-аналар мен балаларды біріктіру болды.Табиғат байлығынан,  түрлі –түсті жапырақтардан жасалынған тамаша  қолөнер бұйымдары, апликациялар өз әдемілігімен,ерекшеліктерімен  таңқалдырады.Балаларымыздың шығармашылығы шексіз...












Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено