«Жастар мен балалардың мәдениетін жүйелеу және патриоттық тәрбиесі»
28.09.2017
Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 28 қыркүйегінде ішкі істер департаментінің полиция подполковнигі және нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Сергей Сергеевич Ильиныхтың қатысуымен 10 және 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысы тікелей «В контакте жәнеYoutube» желісі арқылы түсірілді. Бұл іс-шара «Жастар мен балалардың мәдениетін жүйелеу және патриоттық тәрбиесі» тақырып шеңберінде жоспарланып, балалар құқығы институтының уәкілетті серіктестігімен бірлесе және Қазақстан Республикасының дін және азаматтық қоғам жұмысының қолдауымен өткізілді.
Сергей Сергеевич Ильиных 10-11 сынып оқушыларымен ашық әңгіме барысында нашақорлықтың зардаптарына тоқталды. Әңгіме сағатында нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы бейнероликтер, рөлдік ойындар арқылы өзінің келтірген дәйектерін деректер арқылы әсерліетіп жеткізді.



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
