Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл

28.09.2017

27 қыркүйек күні Қазақ үшін екінші Абай атанған Мұхтар Әуезовтың туылғанына биыл 120 жыл толуына орай «Кітаптың сырлы парақтарындағы Отанға деген махаббат» атты әдеби кеші өтті. Осы айтулы шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смагулова Назгүл Бекзанқызының жетешілігімен 8 «Ә» сыныбы    № 4 балалар кітапханасында ақынға арналған шығармашылық кешке қатысып, өздерінің Мұхтар атаға деген құрметін көрсетті. Шара барысында оқушыларымыз қаламгердің шығармаларын жатқа оқып, өз ойларын ортаға сала отырып, ақынның әңгімелерін, қаламынан туған сырлы да, сынды оқиғаларын еске түсіріп, үлкен де ауқымды пікір талас жасай білді. Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдеиеті үшін Мұхтар дәл сондай болмақ. Әдебиет тұлғасының қаламынан туған «Қараш,қараш оқиғасы», «Көксерек» әңгімесі ауқымды деңгейде сөз болды. Кітапхана меңгерушісі сөз маржанын тізген Мұхтар Әуезов туралы қызықты да, әсерлі бейнеролик көрсетіп, жас ұрпақтың бойындағы адамгершілік құндылықтарын жетілдіре түсті.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено