«Зерделілер»атты интеллектуалдық сайысы өтті.

07.09.2017

     7.09.2017ж. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ізденулеріне жол ашу арқылы ізденімпаздыққа баулу, ойлау қабілеттерін байқау, қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті оқушыларды анықтау мақсатында қала мектептерінің қатысуымен  математика пәнінен «Зерделілер»атты интеллектуалдық сайысы өтті. Екі турдан тұратын іс- шараға №26 мектебінің «Алғырлар» командасы, №42 мектеп-гимназиясының «Болашақ» командасы, №76 мектеп-гимназиясының «Бірлік», №58 мектеп-гимназиясының «Үшбұрыш» және «Арифметика» командалары қатысып, үлкен қызығушылық танытты.
      Іс-шараның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға №76 мектеп-гимназиясының «Бірлік» командасы, І орынға №26 мектебінің «Алғырлар» командасы, ІІ орынға №58 мектеп-гимназиясының «Үшбұрыш» командасы және ІІІ орынға №42 мектеп-гимназиясының «Болашақ» командасы иеленді.
Әлемдегі математиканың рөлін айқындап, түсіне білетін, интеллектуалды, құзыретті оқушыны дамытуда  іс-шаралар өз жалғасын табады.
 
 
 








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено