Құттықтаймыз!
29.08.2017
Алматы облысы Қаскелен қаласында Сүлейман Демирель атындағы универсиетінде 2017 жылдың 9-10 тамыз күндері мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «Білім - болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тамыз педагогикалық кеңесіне №48 мектеп-лицейдің директоры Садыкова З.Ж, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шонова А.Қ, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қ.И қатысып келді. Мектебіміз 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік мамандандандырылған білім беру ұйымы-2017» республикалық конкурсының жүлделі ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Мектеп директоры Садыкова З.Ж, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қ.И Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
