25 мамыр күні

25.05.2017

                                           
                                                               
                                               Сыңғырлап үнің көңілде тұр ау....

 

Көгершіндей самғаңдар түлектерім, 
Орындалсын өмірде тілектерің. 
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің - деп  25 мамыр күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектеп 11 жыл білім нәрімен сусындаған жас түлектерін жаңа өмір баспалдағына қадам бастырды. 
Соңғы қоңырауға арналған салтанатты сап түзеу Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, сыңғырлаған қоңырау үнімен соңына жетті.
Мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызы жас жеткіншектерге деген ақ тілегін жүректен шыққан жылы лебіздермен жеткізді. Сонымен қатар, түлектердің алғашқы ұстаздары мен алтын ұясынан ұшырып отырған ұстаздары да өз тілектерін айтты. 
Жалпы, мектептеп қабырғасынан 96 түлек болашаққа қадам басты. Оның екеуі мектеп директоры тағайындаған "Үздік оқушы" белгісіне ие болса, 4 оқушы "Алтын белгі" үміткерлері. 
Түлектердің жүректерін дірілдеткен соңғы қоңырауды соғу құрметі 11 "А" сынып оқушысы Сулемхан Рүстем мен 1 "В" сынып оқушысы Ерсаян Үмітке берілді. 
Жас қырандардың жаңа өмірге қаққан қанаттары талмасын!!!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено