"Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды"

09.05.2017

"Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды"

Ердің ерлігін ел бағалайды. Бір ердің ерлігі жүз жауынгерге үлгі, мыңға өнеге болады.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 72 жыл өтті. Қанды қырғынды өз көзімен көріп, от кешкен кешегі солдаттар, бүгінгі ардагерлер.

Бүгін - 5 мамыр күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. 
 Ұлы Отан соғысы қаһармандарына мектеп ұжымы дайындаған шағын концертпен қатар, "Әнім Астана" атты ардагерлерден құрылған ансамбль де өз өнерлерін паш етіп, құрмет көрсетті. Ардагерлер оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, соғыс уақытындағы әндерді тыңдап, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өз қолдарымен жасаған сый-сияпатын алып, көздеріне жас алды. Осы сәтте ойыма Әбу Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны...» атты өлеңі оралды.
Сен құрметте оны, 
Түсіндің бе, қарағым! 
Кеше елге қатер төнгенде, 
Ол жауға қарсы шапты. 
Бізді жалмамақ болған тажалды, 
Ол кеудесімен қақты. 
Ол арыстанша алысты, 
Өлім соққысын өз үстіне алды. 
Денесін оқ пәршелесе де, 
Ол намысын қорғап қалды. 
Сен құрметте оны, 
Түсіндің бе, қарағым. 
Сенің келешегің үшін берді ол азаттық жолында аяғын!

Әрқашан ардагерлеріміздің ерлігін еске алып, құрмет көрсетуден аянбасын жас ұрпақ!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено