"Жеңіс күні" концерті
24.05.2017
Жеңіс күні де жақындап қалды. Бұл мереке қуаныш пен қайғыға толы. Соғыстың зардабын көрмеген бірде бір отбасы жоқ шығар.
Сондықтан 2017 жылдың 2 мамырында №6 гимназияда Жеңіс күніне арналған дәстүрлі Еске алу сағаты өткізілді. Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Беларусь Республикасының елшісі Нечкасов А.И., «Астана Дарыны» ӨҒПО директоры М.Ж.Құрманбаева мен оның қызметкерлері, педагогикалық ұжым, 8-11 сынып оқушылары, ата-аналар қатысты.
Театрланған – музыкалық композиция бір сәтте барлығын біріктірді. Ол соғыс жолдары, кацлагерьде болу, «Майдандағы әйелдер», «Демалыс минуттардағы солдаттар» көріністерін көрсету арқылы соғыстан хабар күтіп отырған әйелдер мен бойжеткендердің ойларын түсінуге мүмкіндік берді. Филипов Дмитрий мен Говоркова Аннаның орындауындағы би, Сергиенко Викторияның орындауында «Көкек» әні барлығына ұнады. Музыка мұғалімі С.Б. Тутаева «Түнгі шайтандар» кинофильмнен өлеңді айтты. Соңында вокал тобы «Өлмес полк» әнін орындады. Келген қонақтар көз жасын жасырмай, аталған іс-шараның жоғары деңгейін, гимназияда орын алған отансүйгіштіктің рухын атап өтті. Соңында барлығы фотоға түсіп, ардагерлерге қалампыр гүлдері табысталды.
Біз үшін Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих. Оған дәлел «Өткенді ұмытқан халықтың -болашағы жоқ» дана сөзі. №6 гимназия оқушылары – Қазақстанның нағыз болашақтың азаматтары болатынына сенімдіміз!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено