Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
12.05.2017
2017 жылғы 12 мамырда С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтті. Мектеп директоры А.Т.Сегізбай жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара алғаш рет өтіп жатқандығын хабарлады. Жиналыста мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі, ҰБТ жаңа форматы туралы сұрақтар қарастырылды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша мектеп жанынан құрылған «Бақытты жол» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Е.Руденко сөз сөйлеп, ата-аналар қоғамдастығын кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылады. Әрі қарай оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары З.Алимова қазақстандық білім жүйесіндегі көптеген өзгерістер енгізілгені туралы хабарлап, ҰБТ жаңа форматымен таныстырды.
Жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында мектеп инспекторлары А. Туарбаева және Б.Сарсекеева «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып, қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырды. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алып, іс-шара көңілдерінен шықты.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
