Жалпы ата-аналар жиналысы

12.05.2017

                 Жалпы ата-аналар жиналысы мектебіміздің салтанат залында өтті. Алғашқы сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызына берілді. Мектептегі қамқоршылық кеңестің орны, оқушылардың оқу үлгерімі, «Start school: сүйікті мектебін жетілдіруге қатысыңыз», «Мектепке кітап сыйла», «Мектептің болашағы үшін» акциялар туралы мәлімет берді. Ата-аналарға акциялар жайында кеңінен түсіндірді. Кітапхананы әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ету керектігін айтты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы 2016-2017 оқу жылындағы мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы мәлімдеді. Жиналысқа мектеп инспекторы да қатысып, ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мектепішілік жиналысқа екі жүзден астам ата-аналар қатысты.

 

 

 



Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Бақытжан



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено