«Сыршыл ақын - Сырағаң»

05.05.2017

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында 5 мамыр күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің кітапханасында дүлділ ақын, мектебіміздің атын иеленіп жүрген Сырбай Мәуленовтың соғыс жолында жазған өлеңдер байқауы 4 сыныптар арасында  өтті.  Байқауды   орыс тілі пән мұғалімі Байбекова Сауле Оразбековна ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері Оразбаева Бағдат Қайыржановна мен Ахметова Бибисара Саматовна осы іс –шараға арнап Сырбай Мәуленов шығармашылығынан «Сыршыл ақын - Сырағаң» атты көрме ұйымдастырды.
Іс –шараның Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында өтуіне байланысты Ауған соғысының ардагері Кабиев Сенбек Мажитұлы мен Нұрымбетов Нұрхан Амангелдіұлы шақырылды. Байқау бір минуттық үнсіздікпен басталды.
         Сырбай атамыз өмір мен өлім белдескен алапат соғыстың тауқыметін  басынан кешірген ақын.
         Мың қолдар сау болсын деп
         Мен бір қолымды бердім.
         Мың жолдар жалғансын деп,
         Мен бір жолымды бердім,- деген өлең жолдары жауынгер ақынның жан түпкірінен шыққан шындығы.
        Байқауға қатысқан 4 сынып оқушылары ақынның «Окоп», «Көрдім кеше қияметін», «Сұр шинел», «Выстрел в меня», «Тар окоп болды үйім менің», «Военный корреспондент», «Прекрасна ласточка весной», «Санитарка», «Раненый», «Война - беда» атты өлеңдерін жатқа мінерлеп оқыды. Келген қонақтарымыз өз ойларымен бөлісіп, балаларға жақсы тілектерін білдірді.
     Байқау соңында 4 сынып оқушысы Секенов Қайсар  келген қонақтарға арнап «Ерке сылқым» күйін орындады. Мәнерлеп оқыған оқушыларды жүлделі орындармен, сыйлықтармен марапатталды. Ардагерлердің қатысуымен өткізілген іс –шаралар оқушылардың патриоттық сезімін арттырады.                 

    


Курсанова Б.К.
Искакова М.Б.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено