Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл!

04.05.2017

Әскери-патриоттық тәрбиені нығайту және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында, мектебімізде 9 мамыр Ұлы Жеңіске - 72 жыл және 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына - 25 жыл толуына орай 7-сынып оқушыларының арасында «Саптүзеу және ән байқауы» әскери-патриоттық сайысы өткізілді. Қатысушылар взводтың сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы взвод командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі және ән айтып өту сияқты саптық элементтерді орындады. Жарыс қорытындысы бойынша 7«А» сыныбы бас жүлде иеленді. Іс-шара соңында тәрбие ісі орынбасары Аппазова Ляйля Сағиқызы ұлы мерекелердің қарсаңында өтілген саптүзеу және ән байқауын қорытындылап, мектебіміздің оқушыларын айтулы күндермен құттықтады.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено