«Достық» фестивалі өткізілді

02.05.2017

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектебімізде 28-ші сәуір күні «Достық» фестивалі өткізілді.  Қазақ  ұлты  елдің  қара  шаңырағы, берекенің  ұйтқысы,бірліктің  қайнар бұлағы. 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жандарды құшағына сыйғызып отыр. Ынтымақ пен бірліктің алмайтын асуы,жеңбейтін қиындығы жоқ. Осы құндылықтарды өмірдің өзегіне айналдыру  мақсатында мектебімізде «Бір шаңырақ  астында» тақырыбымен  «Достық» фестивальін өткізу дәстүрге айналған. 9-10 сыныптар арасында өткен іс-шараның мақсаты оқушыларды достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу болды. Оқушылар әр ұлттың тілінде сөйлеп, өнерін, салт-дәстүрін көрсетті.  Әр ұлттың   тағамдарын,ұлттық заттарын  қойған   көрмеге  қарап  шеберлікте шек жоқ екенін байқадық. Фестиваль қорытындысы бойынша:

Бас Жүлде -10 «Б» сыныбы, жетекшісі: Хамит Рая

1 орын- 10 «Г» сыныбы, жетекшісі: Төлендиева Айгүл Кеңесбайқызы

2 орын - 10 «А» сыныбы, жетекшісі: Бейсембаева Майра Әленқызы

2 орын - 10 «Д»сыныбы, жетекшісі: Оразбекова Гүлнар Кәменқызы

3 орын- 10 «Ә»сыныбы, жетекшісі: Шетенова Ермек Нұржауарқызы

3 орын- 10 «В» сыныбы, жетекшісі: Қожахметова Бижамал Қуанышбекқызы

ие болды. Іс-шараны өте жақсы деңгейде дайындаған 9 «А» сыныбының оқушылары мен жетекшісі Темірқұлова  Сандуғаш Қайнарбекқызына, оқушыларды қолдап, көмек көрсеткен ата-аналарға да алғысымыз шексіз!













Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено