"Зерденің" зерделі ұландары

14.04.2017

          Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің негізгі миссиясы дарынды оқушыларын айқындау, дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында халықаралық, республикалық, қалалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысына, зияткерлік ойындар мен сайыстарға жүйелі қатысып отырады.

         Оқушыларды ізденушілік-зерттеу жұмысына тарту, ізденушілік қабілеттерін дамыту бағытында мектепте «Таным» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс атқаруда, оның жұмыс жүйесінде – оқушылардың ғылыми жарыстарын ұйымдастырып, өткізу және оқушыларды түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларына қатыстыру болып табылады.


       Жалпы білім беретін пәндер бойынша  қалалық ғылыми жобалар жарыстарында 2016-2017 оқу жылында 22 жоба жүлделі орын иеленді.

           Сонымен қатар, «Зерде» мектебі оқушылары Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсында да жоғары нәтиже көрсетті.

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Нәтижесі

Жетекшісі

1

Тлеумағамбет Баян

10

Математика

II

Дыбыспаев Болатжан

2

Сухамбекова Асемгүл

10

Математика

III

Дыбыспаев Болатжан

3

Хамидоллин Шерхан

10

Тарих

грамота

Рахимова Гүлнар

4

Турашева Анель

10

Тарих

грамота

Рахимова Гүлнар


         

           5-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық балалардың ғылыми-зерттеу жұмысында 7-сынып оқушылары Азименов Асылжан мен Джумадильдаева Бибигуль жүлделі I орынды иеленіп қайтты. Жетекшілері тарих пәні мұғалімі Рахимова Гүлнар Мизинбаевна.

         Мектеп оқушыларының  қалалық, республикалық пән олимпиадаларына қатысу нәтижелілігі

         2016-2017 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезең қорытындысы бойынша 30 оқушы жүлделі орындар иеленсе, III (қалалық) кезең қорытындысы бойынша 38 орын болды.


           Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі Павлодар және Ақтау қалаларында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Жеңімпаз оқушыларымыз «Зерде» мектебі беделін көтерумен қатар, Астана қаласы абыройын асқақтатып қайтты. Олар:

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Нәтижесі

Жетекшісі

1

Мейрам Серікболсын

10

Математика

I

Тердікбай Күшай

2

Кабульдинова Аина

11

Орыс тілі

I

Турсекеева Камилаш

3

Боранбаев Қуандық

11

Биология

III

Қасымова Ләзім

4

Турашева Анель

10

Тарих

III

Рахимова Гүлнар


      
         

     Қалалық, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

          Тұңғыш рет 2016-2017 оқу жылында өткізілген қалалық Жәутіков олимпиадасына мектеп оқушылары қатысып, оның ішінде 8 «Ә» сынып оқушысы Рахимбаев Темірлан II орын иеленді. Рахимбаев Темірлан информатика пәнінен ерекше дарынды оқушы. Биылғы оқу жылында аудандық олимпиададан II орын алса, қалалық олимпиададан жүлделі II орынды жеңіп алды.

         

            Алматы қаласында өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 10 «Ә» сынып оқушысы Мейрам Серікболсын қатысып, III орын (Қола медаль) иеленді.

Мектеп оқушыларының түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысу нәтижелілігі

          «Зерде» мектебі оқушылары «Пифагор» орталығы ұйымдастырған «Физикалық шайқас» пен қалалық «Математикалық шайқас» сайысының I орын жеңімпаздары.

  
     


    
"Жас ғалым" олимпиадасы
Такен Аружан I орын          "Жас математик" олимпиадасы
                                         Уалиева Дильназ I орын Даулова Ботагөз I орын


             Академик Ө.Сұлтанғазин атындағы аймақтық II математикалық олимпиадасы жеңімпаздары





             Алматы қаласында өткен халықаралық Эйлер математикалық олимпиадасының Қола медаль жеңімпазы Уалиева Дильназ жетекшісі Хазез Мейрам мұғаліммен. 7-сынып оқушысы Дильназ 9 сыныптармен білім додасына түсіп, жеңімпаз атанып қайтты.




             Астана қаласы, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 5.04.2017 ж. күні Республикалық «Талантты ұстаз – дарынды оқушыға» атты педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Астана қаласы мектептері арасында өткен бұл олимпиадада Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі жүлделі II орынды жеңіп алды. 10-сыныптардан құралаған «Зерде» қырандары» командасы ерекше өнерлері мен терең білімдерін сайыста көрсетіп, көрермен көзайымына айналды.  «Зерде» қырандары» командасының жетекшісі тарих пәні мұғалімі Рахимова Гүлнар Мизинбаевна.

             Рахимова Гүлнар – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға №9 «Зерде» мектебі оқушыларын дайындап қатыстырып, үнемі жүлделі I, II орындарды иеленіп жүр. Әр жылы әр түрлі жанрда дайындалып шықса да, оқушыларды қазақ тілінде сөйлетіп, тарихты да ұмыт қалдырған емес. Оқушының бойына қуат, көзіне жалын жағатын ұлағатты ұстазға және дарынды шәкірттеріне 3.05.2017 ж. күні Алматы қаласында өтетін «Талантты ұстаз – дарынды оқушыға» атта педагогикалық олимпиаданың Республикалық кезеңіне сәттілік тілейміз!

     



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено