«Жалпы адамзаттық құндылықтар»
11.04.2017
2017 жылғы 8 сәуірде №59 мектеп-лицейінде ҰҒТБСО «Бөбек» ұйымдастырған доктор Арт Онг Джумсаидің «Жалпы адамзаттық құндылықтар» атты Авторлық семинары өтті.
Семинардың мақсаты – білім беру саласында мектеп қызметкерлеріне балаларды және жасөспірімдерді рухани – адамгершілікке тәрбиелеуге әдістемелік көмек көрсету.
Семинардың ашылуында алғы сөзімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Адамгершілік-рухани құндылықтарды нығайту және ақпараттық сүйемелдеу басқармасы басшысы Қошқарова Гүльнаш Хамитқызы сөз сөйледі.
Өткен кездесу барысында Арт Онг Джумсаи жалпы адамзаттық құндылықтарды білім беру сабақтарымен ықпалдастыру туралы, және өз мектебінің өмірі, тәжірибесі туралы баяндады.
Доктор Арт Онг Джумсаи өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді. Барлық қатысушыларға жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде шығарм ашылық табыс тіледі.




Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
