«Бұрымды қыз-2017» байқауы

16.03.2017

Ұлыстың ұлы күні Наурыз  мерекесіне  орай 6-7сынып қыз балалары арасында «Бұрымды қыз-2017» байқауы өтті. Байқау мақсаты қаракөз қыздарымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрін сіңіру, қыздарға қазақы тәлім тәрбие беру.
Байқауға 14 бұрымды қыз қатысты. Байқауда қыздар «Сәлем - сөздің анасы» кезеңінде жиналған қауымға өздерін таныстырып, ұлттық киім үлгілері мен сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетін көрсетсе, «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде қазылар алқасына өз өнерлерін паш етті,  «Шебердің қолы алтын» кезеңінде қолдан ойыншық тігіп, ою ойып, құрақ көрпе үлгісін жасаса,  «Бұрымды қыз» кезеңінде шаш үлгісін жасап сайысқа түсті.
Бұл игі дәстүр бұдан кейін де өз жалғасын табады. Ару қыздарымыз әрқашан «қазақтың қызы» деген атаққа лайық болсын. 









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено