Италия делегациясы - мектебімізде!
16.03.2017
Наурыз айының 15 күні мектебімізде ерте жастан үш тілде оқыту тәжірибе алаңының жүргізілуіне орай кәсіптік серіктестік құру мақсатында Италия елінен делегация келді. Қонақтардың ішінде Италия Білім Министрлігінің өкілдері Рита Ренда мен Росселла Скиетрома болды. Қонақтар мектеп ұжымымен кездесіп, өз елдеріндегі білім жүйесінің оңтайлы меселелерімен ой бөлісті. Кездесудің екінші кезеңінде тәжірибе бөлісу мақсатында мектебімізде жүргізілетін үш тілділік тәжірибе алаңының сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларына қатысты. «Абайдың он жетінші қара сөзі», «С.Есенин мен М.Мақатаевтың поэзиясының үндестігі», бастауыш сынып оқушыларының қуыршақ театры мен география және биология ағылшын тіліндегі сабақтарына қатысты. Сабақ барысында оқушылармен ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, өздерін қызықтырған мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап алды. Іскерлік кездесуден соң қонақтар қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз тойын тамашалады. Қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын аса қызығушылықпен қызықтап, бірге ойынға араласып, шара соңында «Қара жорға» биін биледі.





Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
