Интеллектуалдық марафон
10.03.2017
«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» бастауыш сынып апталығының барысында наурыздың 3-ші жұлдызында 1-сынып оқушыларының арасында сауат ашу пәнінен «Интеллектуалдық марафон» атты білім сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты сауат ашу пәнінен алған білімдерін анықтау. Сайысты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері: Омаршаева Нағима Таласбекқызы және Мамекова Гулмира Сагуовна.
Сайыстың 5 кезеңі бойынша иеленген орындар:
Жүлделі орын: 1 «А» сыныбының «Білімді» тобы
І орын: 1 «Г» сыныбының «Парасат» тобы, 1 «Д» сыныбының «Қыран» тобы
ІІ орын: 1 «Ә» сыныбының «Бірлік» тобы, 1 «Б» сыныбының «Жас қыран» тобы
ІІІ орын: 1 «В» сыныбының «Балдырған» тобы, 1 «Е» сыныбының «Сұңқар» тобы, 1 «Ж» сыныбының «Болашақ» тобы.
Білім сайысында оқушылардың алған білімдері анықталып, логикалық ойлау, есте сақтау, даму қабілеттері байқалды. Сайыстағы көрнекіліктер де өте әсерлі болды. Осындай танымдық сайыстар көбейе берсін.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
