Қаңтар айының 16-26 аралығында ағылшын тілінен апталық өтті.«Let's speak English» атты тақырыпта өтті.
31.01.2017
Қаңтар айының 16-26 аралығында ағылшын тілінен апталық өтті.«Let's speak English» атты тақырыппен өткен ашылу салтанатында оқушылар ағылшын тілінде тақпақтар, өлеңдер айтты және флешмоб биледі.
1)4 «ж» сыныбында 16 қаңтар күні жас маман Мамбетиярова Аягөз «Place where I live» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді.Біздің қаламыз тақырыбына байланысты әр түрлі тапсырмалар берілді. Сабақ өз дәрежесіне сай және қызықты өтті. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты.

2)17 қаңтар күні Сарбасов Ерлан 9 «А» сыныбымен «London» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа байланысты топтық тапсырмалар орындалды.

3)25 ақпан күні Жұмақанова Гүлнұр Қолқанатқызы 1 «қ» сыныбымен «Food» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар «Turnip» ертегісін қойды. Көрнекіліктер көрсетіліп, оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды.

4)19қаңтар күні Б.К.Арапова6 «А» сыныбында «My school day» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға мектеп өмірі туралы видео көрсетіліп, оқушылар Англия мен Қазақстан елдерінің мектептерін салыстыру арқылы жарысты. Және өз армандарындағы мектептерін жасады.

5) Ашық сабақтар мен қатар бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді. 24 қаңтар күні ағылшын тіліне оқушыларды қызықтыру мақсатында 5-сыныптар арасында сынып жетекшілермен бірге «100words» атты сайыс өткізілді. Жауапты мұғалім Г.Қ. Жұмақанова. Сайыста ағылшын тілінде 100 сөз білетін оқушы мен сынып жетекшісі анықталды және басқа да тапсырмалар болды.

6) 21 қаңтар күні 10-11 сыныптар арасында мектеп кітапханасында «American holidays»тақырыбында дебат өтті. Бір топ Америка мейрамдарын Қазақстанда
тойлауды жақтаса, екінші топ онған қарсы шықты. Оқушылар өз ойларын жеткізе алды. 
7) Қоңырау кезінде шыларды қызықтыру мақсатында дәлізде викториналар өткізілді.

8) 21 қаңтар күні 10 «А» сыныбында «Bad habits»тақырыбында Комекбаева Лаура ашық сабақ өткізді. Оқушылар топ болып жарысты. Жаман әдеттер туралы видеоматериал, талқылау болды.



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
