Зейнеткерлікке шықты

28.01.2017

     Бүгін мектебіміздің салтанат залында ұлағатты ұстаз, математика пәнінің мұғалімі Махметова Қарлығаш Бейсембекқызын зейнеткерлікке шығарып салу кеші өтті. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтар табыстады. Ұзақ жылдар еңбек еткен ұстазды түлектері, дос-жарандары, туыс-туғандары да құттықтап келді. Кеш барысында оқушылар күмбірлете күй шертіп, тажылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, жиналған қауымның көңілін көтерді.  

 

 



 

 

 



Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено