Топты жарып шыққан ұстаз - Ердеханова С.С.
06.01.2017
2016 жылдың 25 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» Астана қаласыны Білім басқармасымен және Астана Дарын орталығы бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президенттің күніне орай «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» байқауын өткізді.
Қазылар алқасы Астана қаласының Білім басқармасы, Астана Дарын орталығы және Атамекен этномемориалды кешені.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі
Іс - әрекетін таратуға ықпал ету;
Жаңа педагогикалық ойдың құралымы.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
Осы кезеңдердің бәрінен жоғары ұпай жинап, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ердеханова Сапарай Сапарбайқызы қатысып, ІІ жүлделі орынды иеленді. Ол өзінің білімі және табандылығының арқасында әлі де толағай табыстарға жететіне сенімдіміз.
Еңбек жолыңызда қанатыңыз талмай, биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!






Жарайсың ! шығармашылық шабыт тілеймін.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
