«Критериалды бағалау- оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат алу үдерісі» тақырыбында қалалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

06.01.2017

6- қаңтар күні Астана қаласы Білім басқармасы жоспарына сәйкес №80 мектеп-гимназия базасында  «Критериалды бағалау- оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат алу үдерісі» тақырыбында қалалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті. Білім басқармасының әдіскері  жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың білімін критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп отырған семинарға 180 бастауыш сынып мұғалімі қатысып отырғанын айтты. Критериалды бағалау бойынша аймақтық үйлестіруші Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы мұғалімдерді критериалды бағалауда қолданылатын нормативтік, әдістемелік құжаттармен таныстырды. «Мирас» халықаралық  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исагалиева Нургул Сагидоллаевна  «Бастауыш сыныптардағы критериалды бағалау» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. №80 мектеп-гимназия бойынша үйлестіруші Аманова Т.С. «Қалыптастырушы  бағалауды қалай тиімді жүргізуге болады?» тақырыбында коучинг өткізді. Критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері Толегенова Нагила Жолтайқызы (№70 мектеп-лицей), Дүйсетаева Жанна Ахлбековна (№81 мектеп-гимназия), Раимбекова Бидакуль Бибатырқызы (№12 бала-бақша бастауыш мектеп), Теміртаева Қалдыгүл Мейрамбекқызы (№69 мектеп-гимназия), Сейтмаганбетова Құндыз Жугеровна (№67 мектеп-гимназия) мұғалімдерге  сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану, ағылшын тілі, көркем еңбек пәндерінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау  үдерісін жүргізуді практика жүзінде көрсетті. Оқушыларға, ата-анаға тиімді кері байланыс беру тәсілдерімен бөлісті. Оқу жетістіктерін бағалау нәтижелеріне модерация жасау, электронды  журналға бал қою және оқушылардың жеке оқу жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілінің бірі портфолио үлгілерімен таныстырды.

   

   





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено