«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша қалалық семинар өтті

22.12.2016

    21 желтоқсанда 2016 жылы Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Абай атындағы ҚҰПУ-ті қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым академиясының Вице-президенті Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға технология авторы, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері мен қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Қалалық іс-шарада мектебіміздің мұғалімдері осы технология бойынша ашық сабақтар өткізіп, көпшіліктің көңілдерінен шықты. Семинар барысында оқушылардың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын терең меңгергендері байқалды.
 
 
 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено