«Тәуелсіздік - айбыным»атты ғылыми конференция
09.12.2016 Мектебімізде желтоқсан айының 8 жұлдызында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - айбыным»атты ғылыми конференция өтті. Аталған конференцияға 8Б,11- сынып оқушылар қатысты. Мақсаты: қазақ халқының өткен тарихы - ата- бабаларымыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихын деректермен ашып көрсете отырып, оқушыларды олардан үлгі алуға тәрбиелеу. Ғылыми конференцияға 10-сынып оқушыларының арасынан белсене қатысып, өз білімін жан-жақты көрсеткен оқушылар болды. Олар: Дәуренбекова Асылзат,Әкпар Аружан, Есимова Аружан, Шпан Нұрболат, Серік Еркебай, Әлімбек Батырхан, Артесханқызы Айсұлу. Аталған оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Конференцияны тарих пәнінің мұғалімі Байқадамова Гүлнар Пернебайқызы ұйымдастырды.
![]() |
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено

